Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

Қызайбай үлкен спорт туралы: «Нәтиже болмаса, бәрі өзгереді»

Қарашада үш дүркін әлем чемпионы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалында Элина Базароваға күтпеген жерден жеңіліп қалды.

Трёхкратная чемпионка мира по боксу Назым Кызайбай
Фото: Instagram Назым Кызайбай

Париж-2024 олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай үлкен спортта спортшыларға деген көзқарастың қалай өзгеретіні туралы ой бөлісті. Жазбасын ол Instagram-да жариялады, оған алғаш Sports.kz назар аударды.

Қызайбай Париж ойындарынан кейінгі өз сөзі жазылған Қазақстан бокс федерациясының мұрағаттық карточкасын жариялады. Ол кезде боксшы спорттан кетпейтінін айтып, Қазақстаннан шыққан алғашқы үш дүркін әлем чемпионы болғысы келетінін мәлімдеген: «Екі дүркін чемпиондық Серік Сапиевте және менде бар. Енді менің мақсатым – әлем чемпионатының үшінші „алтынын“ алу».

Ол уәдесін орындады және жазбасының астында бұны еске салды: «Мен сөзімде тұрдым. Мен үшін сөз – жай сөз емес, ол – жауапкершілік. Артта – еңбек, тәртіп және толық берілу».

Жазбаның басты бөлігі нәтиженің құны туралы. «Үлкен спортта бір ақиқат бар: нәтижең болса – сен керексің, нәтиже болмаса – бәрі өзгереді. Адамдар да, басшылық та, көзқарас та – бәрі уақытша. Ал сенің еңбегің, төзімің, құрбандығың және жеткен биігің – сенің тарихың. Сондықтан мен үшін ең бастысы – өз жолыма адал болып қалу», – деп жазды боксшы.

Әлем чемпионатының үшінші алтынын Қызайбай 2025 жылғы наурызда Сербияда жеңіп алды. Қарашада 33 жастағы спортшы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалында 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базароваға күтпеген жерден жеңілді. Жақында Қызайбай өзінің бокс залын ашты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз