Жеңілмеген қазақстандық MMA шебері Василий Тахтай колонияға барған сапарында танысқан сотталған адамның ұлын өз командасына жаттығуға қабылдады. Бұл оқиғаны жекпе-жек шебері Instagram парақшасындағы екі бейнежазбада көрсетті, оған Tengri Sport назар аударды.
Колонияда түсірілген алғашқы бейнежазбада бір ер адам Тахтайға жақындап, ұлы үшін өтініш айтады: «Менің ұлым MMA-мен айналысады. Қазір қаржылық қиындық бар…». Жекпе-жек шебері баланы өз залына алуға уәде берді.
Екі күннен кейін Тахтайдың парақшасында екінші бейнежазба шықты – оның айтуынша, бала жаттығуға келген. «Қош келдің! Мен әкеңе сенің біздің командада жаттығатыныңды уәде еткенмін. Ол маған сенің әрдайым бірінші-екінші орын алатыныңды айтты, рас па?» – деп сұрады жекпе-жек шебері. «Иә», – деп жауап берді бала.
30 жастағы Тахтай – Қазақстандағы ең танымал жекпе-жек шеберлерінің бірі. Ол MMA, панкратион және жауынгерлік джиу-джитсудан әлем чемпионаттарында, грэпплингтен Азия чемпионатында жеңіске жеткен. 2015 жылдан бері кәсіпқой MMA-да 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңді, соңғысы – 2024 жылғы қарашада UFC-дің бұрынғы жекпе-жек шебері Уилл Чоупқа қарсы. Сонымен қатар жаттықтырушылықпен және блогпен айналысады: оның Instagram парақшасына 878 мың адам жазылған.



