«Реал Мадрид» 19 қарашада, бейсенбі күні, жартылай қорғаушы Орельен Чуаменимен келісімшартты ұзартты. Жаңа келісім 2032 жылғы 30 маусымға дейін жасалды, деп хабарлады клуб. 26 жастағы французның бұрынғы келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды еді.
Чуамени «Реалға» 2022 жылдың жазында «Монакодан» 80 млн еуроға, яғни шамамен 39 млрд теңгеге ауысқан. Мадридтегі бес маусымда ол 205 ойын өткізіп, сегіз жүлдені жеңіп алды: Чемпиондар лигасы, екі клубтық әлем чемпионаты, екі УЕФА Суперкубогы, Испания чемпионаты, Испания Кубогы мен Суперкубогы. Жартылай қорғаушы Франция құрамасы сапында 50 ойын өткізіп, 2021 жылы онымен бірге Ұлттар лигасын жеңіп алған.
Осы маусымда Чуамени «Реал» сапында 10 ойын өткізді, тағы төртеуін жарақатқа байланысты өткізіп алды. Мадридтіктер негізгі ойыншыларымен келісімшартты ұзартуды жалғастырып жатыр: бір күн бұрын клуб Арда Гүлермен келісімшартты да 2032 жылға дейін ұзартқан болатын.



