Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Хусаинов Уфада жеңіліс көрмеген Григорянмен титул үшін жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы үшін бұл IBA Pro-дағы алғашқы әрі шамамен екі жылдан бергі алғашқы жекпе-жек болмақ.

Казахстанский боксёр Аблайхан Хусаинов

Қазақстандық боксшы Аблайхан Хусаинов (13-2, 10 КО) 27 қарашада Уфада жеңіліс көрмеген ресейлік Михаил Григорянмен (10-0, 2 КО) кездеседі. Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте EBP нұсқасы бойынша бос әлем чемпионы титулы сарапқа салынады, деп хабарлады ArmFightZone. Жекпе-жек IBA Pro 22 бокс кешінде өтеді.

34 жастағы Хусаинов үшін бұл IBA Pro-дағы алғашқы жекпе-жек болады. Ол рингке соңғы рет 2024 жылғы 28 желтоқсанда Қытайдың Хайкоу қаласында шығып, жеңіл салмақтағы WBO Inter-Continental бос белбеуі үшін жекпе-жекте жергілікті боксшы Юнцян Янға жеңілген.

Армян тектес 25 жастағы Григорян IBF Asia титулына және IBF нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағына ие. Ол соңғы жекпе-жегін 14 тамызда Набережные Челныда өткізіп, угандалық Генри Отебуді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

Сол кеште титул үшін тағы бір қазақстандық — Нұртас Ажбенов (15-2, 5 КО) рингке шығады. Екі боксшы да қарсыластарымен бетпе-бет кездесіп үлгерді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз