Мазмұнға өту
2026 жылғы 29 қараша, жексенбі

Дегтярев төртінші рет әлем чемпионы атанып, Азия рекордын жаңартты

Екі дүркін паралимпиада чемпионы Бахрейнде бірден екі алтын алып, келесі мақсатым Лос-Анджелестегі 2028 жылғы Паралимпиада деді.

Казахстанский пара пауэрлифтер Давид Дегтярев
Фото: Instagram Давида Дегтярева

Қазақстандық пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті: ол 192 кг көтеріп, Азияның жаңа рекордын орнатты. Бұл туралы Ұлттық паралимпиадалық комитетке сілтеме жасап Zakon.kz хабарлады. Күміс пен қола медальді түркиялық Мухаммет Актюрк (180 кг) пен Серкан Чакмаз (176 кг) алды.

Үш әрекеттің қосындысы бойынша да Дегтярев бәрінен озды – 573 кг, бұл оның турнирдегі екінші алтыны. Енді ол – төрт дүркін әлем чемпионы: бұған дейін Давид әлем біріншілігін 2021, 2023 және 2025 жылдары ұтқан. «Жарыстан әлі толық ес жиған жоқпын, бірақ жалпы бәрі керемет. Мені отбасым – туыстарым, жақындарым, достарым және Отаным – тамаша ел Қазақстан шабыттандырады», – деді спортшы. Жеңісті әрекетті World Para Powerlifting жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Бір күн бұрын осы чемпионаттың алтынын Тұрсынай Қабыл жеңіп алды. 41 келіге дейінгі салмақта қазақстандық 100 кг көтеріп, үш әрекеттің қосындысы бойынша 297 кг жинап, ол да үздік атанды, деп хабарлады Informsports. Екінші орынды түркиялық Рейхан Полат, үшінші орынды ресейлік Татьяна Жаворонкова алды.

Дегтяревтің келесі мақсаты – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындары. Бұл оның үшінші Паралимпиадасы болмақ: Токио-2020 мен Париж-2024 ойындарында ол алтын алған. Бахрейндегі әлем чемпионаты 27 қарашадан 2 желтоқсанға дейін өтеді, оған 41 елден 258 спортшы қатысып жатыр, Қазақстан атынан 23 спортшы шықты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз