Мазмұнға өту
2026 жылғы 29 қараша, жексенбі

PlayStation 5 GTA VI кесірінен әлем дүкендерінен таусылды

The Washington Post жазуынша, АҚШ-та алыпсатарлар ресми бағасы $900 тұратын PS5 Pro үшін $1900-ға дейін сұрап отыр.

Белая консоль PlayStation 5 и беспроводной контроллер DualSense
Фото: Howardcorn33 / Wikimedia Commons, CC0 1.0

GTA VI шыққан соң әлемде ойын консольдерінің тапшылығы басталды: PlayStation 5 пен Xbox АҚШ-тан Жапонияға дейінгі дүкендерде сатылып біткен. Бұл туралы 27 қарашада The Washington Post хабарлады.

Rockstar Games 13 жыл әзірлеген ойын 19 қарашада шықты және тек қазіргі буын консольдерінде — PlayStation 5 пен Xbox Series X|S-те жұмыс істейді. ПК нұсқасы жоқ. Сондықтан ойнағысы келетіндердің көбі алдымен приставка сатып алуға мәжбүр.

АҚШ-та ең қуатты модель PlayStation 5 Pro ойын шықпай тұрып-ақ сатылымнан анда-санда жоғалып кететін. Газет дерегінше, ірі желілерде оны ресми $900 (шамамен 412 мың теңге) бағамен табу қиын, ал алыпсатарлар $1900-ға (шамамен 870 мың теңге) дейін сұрайды. Германияда MediaMarkt пен Saturn желілері PS5-тің барлық моделін және Xbox-тың кіші нұсқаларын сатып тауысқан, ал жеке хабарландыру сайттары қолданылған консольді жаңасының бағасымен алғысы келетіндердің өтінішіне толы. Еуропаның басқа елдерінде де приставканы Sony ұсынған бағамен табу оңай емес, алыпсатарлар оны екі есеге жуық қымбатқа ұсынып отыр.

Жапонияда Sony алыпсатарларды тыю үшін сатып алушылар аясын шектеді. The Washington Post жазуынша, Sony Store-да консоль тек лотерея арқылы сатылады, оған PS4 немесе PS5-те кемінде 60 сағат ойнаған жапондық аккаунт иелері ғана қатыса алады.

Тапшылық онсыз да қиын нарыққа тап келді. Консоль өндірушілеріне жады чиптерінің жаһандық тапшылығы соққы болды: оларды ЖИ компаниялары жаппай сатып алып жатыр. Осыған байланысты 2026 жылы Sony мен Microsoft приставкалардың бағасын көтеріп үлгерді.

Sony үшін GTA VI PlayStation тарихындағы ең ауқымды шығарылым болды, ал Rockstar мәліметінше, ойын алғашқы күні $3,79 млрд (шамамен 1,74 трлн теңге) жинаған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз