2023/24 маусымында Астананың «Барысы» сапында ойнаған швециялық шабуылшы Понтус Оберг КХЛ-де өнер көрсеткеннен кейін өзіне қоқан-лоққы көрсетілгенін, сол себепті әлеуметтік желілерін өшіруге мәжбүр болғанын айтты. Хоккейші бұл туралы Швецияның Sportbladet басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Сол кезде мен өзіме қолжетімді ең жоғары деңгейде хоккей ойнағым келетініне шешім қабылдадым. Енді Швецияда ойнай алмайтындықтан, сол шешіміме өкінемін бе? Әрине. Әлемде қазір не болып жатқанын ескерсек ше? Бұған да әрине. Мен анда, Қазақстанда ойнағаннан кейін маған үйге оралуға рұқсат бермейді. Содан бері мен ештеңе алмаймын. Адамдардың реакциясын түсінемін, олардың солай ойлауға толық құқығы бар. Бірақ адамдарды қорқыту… Бұл енді олардың ісі. Әлеуметтік желілерімді өшіруге тура келді. Бәрі соншалықты байыпты болды», – деді Оберг.
Швецияда 2022 жылдан кейін КХЛ-де ойнаған хоккейшілерге жазылмаған тыйым бар: жергілікті клубтар олармен келісімшарт жасамайды, ал ұлттық құрамаға жол жабық. Бұл ереже лиганың ресейлік емес клубтарында, соның ішінде «Барыста» ойнағандарға да қатысты.
Оберг «Барысқа» 2023/24 маусымы алдында келіп, елорда клубы сапында КХЛ тұрақты чемпионатының 64 ойынында 37 ұпай (17 гол және 20 нәтижелі пас) жинады. Ал қазіргі «Барыс» бір күн бұрын СКА-ны бес жылда алғаш рет жеңді – Санкт-Петербургте 7:4.



