Мазмұнға өту

Асаубаеваның анасы шахмат тәжі үшін матчта Синдаровқа қолдау білдірді

Қазіргі әлем чемпионы Доммараджу Гукешпен матчтың үш партиясынан кейін есеп тең — 1,5:1,5.

Шахматисты Бибисара Асаубаева и Жавохир Синдаров
Фото: Instagram Бибисары Асаубаевой

Қазақстанның әйелдер шахмат құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Танжарикова Женевада классикалық шахматтан әлем чемпиондығы үшін матч ойнап жатқан өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровқа қолдау білдірді. Бейнеүндеуі мен жеке жазбасын ол Instagram парақшасында жариялады.

«Бүгін планетадағы ең мықты шахматшылардың бірі әлем чемпионы атағы үшін матчты бастады. Жавохир, бүгін сенің күнің, саған 20 жас, сен тәж үшін ойнап жатырсың. Сен басқалар өмір бойы армандайтын нәрсені жасап қойдың. Есепті ойлама, өз ойыныңды ойна. Біз бәріміз сен үшін жанкүйерміз», — деп шахматшыға үн қатты Танжарикова.

Жазбасында ол бұл матчтың тарихи екенін атап өтті: «Оған жиырма жас. Және ол шахматтан әлем чемпионы бола алады. Бұл шахмат тарихындағы тәж үшін ең жас матч. Жүз қырық жыл мұндай болмаған. Оның енді ғана бастағаны есімде. Ал қазір оны бүкіл әлем бақылап отыр». Танжарикова жазылушыларынан Синдаров өзіне қаншама адам жанкүйер екенін көрсін деп, оған бір-екі жылы сөз жазуды сұрады.

Үндеу түсірілген бейнені Лиана Танжарикова өз парақшасына салды.

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Синдаровтың қарсыласы — қазіргі әлем чемпионы, 20 жастағы үндістандық Доммараджу Гукеш. Матч 14 классикалық партияға есептелген, үш партиядан кейін есеп тең — 1,5:1,5. Асаубаеваның өзі Синдаровтың матчына бару үшін WR Chess Tour гранд-финалына бармады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз