Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

Адесанья күзетшілермен жүру себебін түсіндірді: кінә — лайк қуғандарда

Бұрынғы чемпионның айтуынша, оққағарлар бейнеролик үшін жасалатын арандатулардың алдын алу үшін ол баратын жерлерді алдын ала тексереді.

Бывший чемпион UFC Исраэль Адесанья
Фото: Getty Images

UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Исраэль Адесанья әлі күнге дейін неге жеке күзетпен жүретінін айтып берді. Оның сөзінше, себебі өзіне төнген қауіпте емес, промоушеннің жанкүйерімін деп жүрген кейбір адамдардың мінез-құлқында. Жұдырықтастың сөзін 23 қарашада X желісіндегі Home of Fight аккаунты келтірді.

«Мен баратын белгілі бір жерлер бар, онда не болатынын білемін. Әсіресе UFC жанкүйерлері болған кезде. Саған жақындаған UFC «жанкүйерінің» бәрі бірдей жанкүйер емес. Олардың көбі клик жинау үшін түрлі бос нәрселермен айналысады. Сондықтан [күзет] менен гөрі солар үшін көбірек керек», — деді Адесанья.

Ол мұндай жағдайға әсіресе АҚШ-та жиі тап болатынын, біреулер үнемі оның атымен ақша табуға тырысатынын, ал мұны қолдауға ниеті жоқ екенін айтты. «Сондықтан сен барар алдында баратын жеріңді қарап шығатын күзеттің болуы мұндай жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі», — деп түсіндірді жаңазеландиялық.

Бұған дейін Адесанья Усман Нұрмағомедов пен Мераб Двалишвилидің Әбу-Дабидегі төбелесі туралы өткір пікір айтып, топ болып шабуыл жасауды қорқақтық деп атаған. Адесанья 2019–2023 жылдары UFC-дің орта салмақтағы чемпион белбеуіне ие болған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз