Мазмұнға өту
2026 жылғы 16 қараша, дүйсенбі

Мектептерде екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма енгізіледі

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, әр бала өз сыныбында белгілі бір мөлшерде кітап оқуы керек.

Школьники-второй-смены-в-нескольких-городах-Казахстана-будут-учиться-онлайн
Школьники второй смены в нескольких городах Казахстана будут учиться онлайн

Қазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма жаздыру жоспарланып отыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 16 қарашада Құрылтайдағы үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.

Министрдің түсіндіруінше, оқушылар өз ойын жазбаша жеткізуге қиналады, ал жаңа тапсырмалар осы олқылықты түзетуі тиіс. «Қазір мәселенің неде екенін түсініп отырмыз», — деді Сүлейменова. Оның айтуынша, әр бала өз сыныбында белгілі бір мөлшерде кітап оқуы керек, ал балаларды шығарманы жақсы жазуға үйрету қажет.

Әзірге бұл министрліктің жоспары ғана. Диктант пен шығарма қай оқу жылынан бастап енгізілетінін, олардың саны қанша болатынын және қалай бағаланатынын Сүлейменова нақтыламады. Ағымдағы оқу жылында екінші сыныптардағы оқу тәртібі өзгермейді.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі бағалау жүйесін де өзгертіп жатыр. Министрлік бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды (БЖБ мен ТЖБ) кезең-кезеңімен алып тастамақ: келесі оқу жылынан бастап 5–9-сыныптарда, кейін 10–11-сыныптарда. Бастауыш мектепте бұл жұмыстар қазірдің өзінде алынып жатыр.

Үкімет сағаты 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасына арналды. Сол отырыста министр 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақшалар лицензиямен жұмыс істейтінін айтты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз