Ирландия атынан өнер көрсететін UFC-дің бұрынғы жауынгері Артём Лобов Хабиб Нурмагомедовпен 2018 жылы Нью-Йоркте болған жанжалдың жаңа мәліметтерін айтып берді. Ол бұл туралы Магомед Исмаиловтың YouTube-арнасына берген сұхбатында айтып, сол кезде абдырап қалғанын мойындады.
Лобов Хабиб туралы неге сөз айтқанын түсіндірді: «Сұхбатта менен Хабибтің менің бауырымды орысша әтеш деп атайтыны туралы сұрады. Мен үндемей қала алар ма едім? Ештеңе демеуге құқым бар ма еді? Онда мен кім болар едім? Тағы 20 шапалақ жеуге дайынмын, еш қиындығы жоқ, бірақ бауырымды өмірі ешкімге қорлатпаймын. Сондықтан мен мұны айта алдым».
Лобовтың айтуынша, алғашында әңгіме бетпе-бет өткен: «Шынымды айтсам, алдымен Хабиб маған Нью-Йоркте жалғыз келіп, наразылық білдіре бастады. Мен одан: „Егер біреу сенің бауырыңды әтеш деп атаса, үндемей қалар ма едің?“ — деп сұрадым. Ол менің шындықты айтып тұрғанымды түсінді, енді ештеңе айтпауымды айтып, кетіп қалды. Бірақ бір-екі минуттан кейін, нақты есімде жоқ, ол 10 адаммен қайта келді де, оның тағы бір сұрақтары пайда болды. Бетпе-бет бәрін анықтап алған соң, мұның не үшін екенін түсінбедім».
«Шынымды айтсам, мен абдырап қалдым. Оған дейін бәрі қалыпты еді, келісіп алдық, ол кетті, сосын жаңа талаптармен қайта оралды. Бұл менің қателігім, өзімді дұрыс ұстамадым, жауап беру керек еді. Бірақ болары болды», — деп мойындады Лобов.
Бұл тартыс 2018 жылғы сәуірде, Нью-Йорктегі UFC 223 турнирі өтетін аптада болған. Одан кейін Лобовтың досы Конор Макгрегор «Барклайс-центр» аренасына келіп, UFC жауынгерлері отырған автобусқа шабуыл жасап, терезеге темір арбаны лақтырған.



