Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

Алматыдағы көпірде ЖКО: Camry қарсы жолаққа шығып, төрт көлік соқтығысты

Toyota Camry қарсы жолақта соғып кеткен Lada көлігінің жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді.

Разбитые автомобили после массового ДТП на мосту по проспекту Рыскулова в Алматы
Кадр из видео: instagram.com/dima_motovoz

24 қараша күні таңертең Алматыда Рысқұлов даңғылындағы көпірде төрт автокөлік соқтығысты, олардың бірі – жүк көлігі. Жол-көлік оқиғасы сағат 06:30-да Жетісу ауданында болып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы NUR.KZ сұрауы бойынша Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай келе жатып, Сүйінбай даңғылына жетпей қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған. Ол алдында бір бағытта келе жатқан Toyota көлігін соғып, басқаруды жоғалтқан да, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде Camry батысқа қарай жүріп келе жатқан Lada мен FAW жүк көлігін кезекпен соққан. Оқиғадан кейін Lada жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді.

Соқтығыстың салдарын куәгер – Instagram қолданушысы dima_motovoz видеоға түсірді. Кадрларда көліктердің бірі қарсы жолақта тұр, автокөліктердің шанағы, аспасы мен дөңгелектері зақымданған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүріп жатыр, мән-жайын Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Бір күн бұрын да елдің жолдарында ірі апаттар болды: Астана – Қарағанды тас жолында Теміртау маңында жарылған дөңгелек қатарынан үш ЖКО-ға себеп болды, ал Петропавлда ВАЗ бен Audi соқтығысып, жолаушы әйел қаза тапты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз