Мазмұнға өту

Канье Уэст пен Бьянка Цензори желтоқсанда қайта той жасауы мүмкін

Қараша басында X әлеуметтік желісінде 20 желтоқсанда Беверли-Хиллзде өтетін тойға шақыру деген хат пайда болды, бірақ оның шынайылығы расталмаған.

Канье Уэст и Бьянка Цензори
Фото: Getty Images / TMZ

Америкалық рэпер Канье Уэст (Ye) пен оның австралиялық әйелі Бьянка Цензори желтоқсанда неке антын қайта бермек. Бұл туралы Бьянканың нағашы апасы Келли Мельбурндегі 101.9 The Fox радиосының Fifi, Fev & Nick таңғы шоуына хабарласып айтты.

Келли «Сіз кіммен туыссыз?» айдарына қоңырау шалып, жүргізушілер Фифи Бокс, Брендан Февола мен Ник Кодиді таң қалдырды: «Мен Бьянка Цензоримен туыспын». Ол Бьянканың анасы Александраның бөлесі екенін түсіндірді, сондықтан Канье ол үшін күйеу бала болып саналады. «Біздің отбасымыздан көп адам келесі айда олардың тойына барады», — деді әйел. Жүргізушілер жұптың онсыз да некеде екенін еске салғанда, Келли Уэст пен Цензори қайта үйленбейтінін, тек неке антын қайталайтынын нақтылады. Оның айтуынша, өзі тойға шақырылмаған.

Канье де, Бьянка да бұл жоспарды ашық растаған жоқ, Келли рәсімнің күні мен өтетін жерін атамады. TMZ еске салғандай, қараша басында X әлеуметтік желісінде 20 желтоқсанда Беверли-Хиллзде өтетін тойға шақыру деген хат пайда болған, бірақ оның шынайылығы расталмаған. Бұл күн кездейсоқ емес сияқты: БАҚ дерегінше, Уэст пен Цензори 2022 жылғы 20 желтоқсанда, рэпер Ким Кардашьянмен ажырасуын аяқтағаннан кейін көп ұзамай, жасырын үйленген.

Канье Уэст пен Бьянка Цензори
Фото: Getty Images / TMZ

Қайта той жұптың тарихындағы елеулі бетбұрыс болар еді. TMZ 2025 жылғы ақпанда Уэст пен Цензори рэпердің әлеуметтік желідегі антисемиттік жазбаларынан кейін ажырасуға бет алып, адвокаттарға жүгінгенін хабарлаған. Бірақ сол жылдың сәуірінде олар татуласып, содан бері көпшілік алдына әрдайым дерлік бірге шығады.

Канье Уэст — әлемдегі ең танымал әрі жанжалды рэперлердің бірі, The College Dropout, Graduation және Donda альбомдарының авторы, Yeezy брендінің негізін қалаушы. 31 жастағы Бьянка Цензори — мельбурндік сәулетші, бұрын Yeezy-дің сәулет бағытын басқарған, ал көпшілік алдындағы ашық киімдерімен танымал болды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз