Мазмұнға өту

BTS әншісі Чонгуктың Spotify-дағы 15 әні 200 млн тыңдалымнан асты

Межеден әнші BTS-тің тоғыз жылдығына орай жанкүйерлеріне арнап жазған My You балладасы асты.

Чонгук из BTS
Фото: STARNEWS

BTS тобының әншісі Чонгуктың Spotify-да 200 млн-нан астам рет тыңдалған жеке әндерінің саны 15-ке жетті. Бұл межеден соңғы болып My You балладасы асты, деп хабарлады Кореяның Star News басылымы Сеул уақытымен 19 қарашада таңертең.

The Korea Herald жазғандай, жеке парақшадағы мұндай 15 трек — K-pop жеке орындаушылары арасындағы рекорд. Чонгук My You әнін жанкүйерлеріне арнап, бірлесіп жазған. Ол әнді алғаш 2022 жылы BTS-тің тоғыз жылдығына арналған мерекеде көрсетіп, бір жылдан кейін ресми түрде шығарды.

Чонгуктың 200 млн тыңдалымнан асқан жеке әндерінің қатарында Seven, Standing Next to You, 3D, Left and Right, Dreamers, Still With You, Somebody, Stay Alive, Yes or No, Never Let Go, Please Don’t Change, Too Much, Hate You, Closer to You және енді My You бар. Олардың төртеуі — Seven, Standing Next to You, 3D және Left and Right — 1,2 млрд тыңдалымнан асқан. Чонгуктың BTS альбомдарындағы 700 және 300 млн-нан астам рет тыңдалған Euphoria мен My Time жеке әндерін қосқанда, мұндай трек саны 17-ге жетеді. Әншінің Spotify-дағы жеке парақшасындағы жалпы тыңдалым 11,7 млрд-тан асты.

Рекорд BTS-тің ауқымды туры кезінде тіркелді. Топ осы аптада Тайваньның Гаосюн қаласында үш концертпен ARIRANG турының Азия мен Австралиядағы бөлігін бастады. 2027 жылғы наурызға дейін BTS Азияның тағы алты қаласында және Австралияның екі қаласында өнер көрсетеді.

Чонгук — BTS тобының ең жас мүшесі, ол 29 жаста. Оның америкалық рэпер Latto-мен бірге орындаған Seven хиті 2023 жылы Billboard Hot 100 чартын бастап шықты. Жақында Чонгук жазда елшісі болған Graff зергерлік үйінің іс-шарасы үшін 39 сағат ас ішпегенін айтты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз