Tesla мен SpaceX Илон Масктың екі компаниясын біріктіру жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан екі арнайы комитетті басқаруды директорлар кеңесінің бес мүшесіне жүктеді. Бұл туралы 24 қарашада жағдайдан хабардар адамдарға сілтеме жасап, Financial Times хабарлады. Компаниялардың өзі бұған әлі ресми пікір білдірген жоқ.
Газеттің дерегінше, Tesla атынан директорлар кеңесінің төрағасы Робин Денхольм, Кэтлин Уилсон-Томпсон және Джек Хартунг, SpaceX атынан Рулоф Бота мен Рэнди Глейн қатысады. FT жазуынша, Масктың өзі келіссөзге ресми түрде қатыса алмайды.
Комитеттер қаржы кеңесшілерін жалдап қойған: SpaceX-ке Morgan Stanley мен Goldman Sachs, Tesla-ға Evercore кеңес береді. FT мәліметінше, банкирлер акция айырбастау арқылы жасалатын мәмілеге арналған қаржылық модельдерді пысықтап, екі компанияның бизнесі қай жерде қиылысатынын зерттеп жатыр. Tesla акцияларының иелері SpaceX-тің қанша акциясын алатыны осы есептерге байланысты.
Тәуелсіз директорлардан құралған арнайы комитеттер туралы компаниялар қазан айында жариялаған. Сол кезде SpaceX-тің үшінші тоқсан қорытындысына арналған қоңырауда Маск жасанды интеллект, робот, электромобиль және ғарыш жобаларын бір компанияға біріктіруді «жақсы идея» деп атады. Bloomberg бұған дейін мәміле желтоқсанда жариялануы мүмкін деп жазған. БАҚ бағалауынша, бұл тарихтағы ең ірі бірігу болуы мүмкін: компаниялардың жалпы құны шамамен 3,5 трлн доллар (шамамен 1 593 трлн теңге) деп айтылып жүр.



