Мазмұнға өту
2026 жылғы 29 қараша, жексенбі

Қазақстандықтардың Гонконгтағы Yurt мейрамханасы Michelin гидіне енді

Мейрамханаға жылқы етін Алматыдағы Taldy Farm отбасылық фермасы жеткізеді, ал құрт, ірімшік пен түйе сүтін жергілікті өндірушілерден алады.

Али Нуралы, Ксения Трегубенко и шеф-повар Марат Закарьяев — основатели ресторана Yurt
Фото: Yurt Team Group

Гонконгта Қазақстаннан барғандар ашқан Yurt мейрамханасы әлемдегі ең танымал мейрамхана гидтерінің бірі — MICHELIN Guide Hong Kong & Macau 2026 тізіміне енді. Бұл — Гонконгта гидтің ұсынымын алған Орталық Азия асханасының алғашқы мейрамханасы, деп хабарлайды Forbes Kazakhstan.

«Yurt командасы бұл мойындау үшін алғыс айтады және Гонконг пен бүкіл әлемді Орталық Азия мұрасымен таныстыруды жалғастыра отырып, жаңа, одан да маңызды жетістіктерге шабыттана дайындалып жатыр», — деді мейрамхана негізін қалаушылар Forbes Kazakhstan-ға.

Yurt-ты Әли Нұралы, Ксения Трегубенко және аспазшы Марат Закарьяев ашқан. Мейрамхана Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және көрші елдердің тағамдарын заманауи үлгіде дайындайды. Қонақтарға жеке тағамдар мен жеті тағамнан тұратын Discovery Tasting Menu дәмдік сеті ұсынылады. Фирмалық тағамдардың қатарында — жылқы етінен жасалған стейк, вегетариандық долма және түйе сүті қосылған десерттер.

Бұл қазақстандық бизнес үшін гидтің мойындауы отандық фермерлерге де табыс әкеледі. Өнімнің бір бөлігі Орталық Азиядан жеткізіледі: жылқы етін Алматыдағы Taldy Farm отбасылық фермасы береді, ал құрт, ірімшік пен түйе сүтін мейрамхана жергілікті өндірушілерден сатып алады.

Yurt 2025 жылғы желтоқсаннан бері Гонконг орталығындағы Сохо ауданында, Элгин-стритте жұмыс істейді. Мейрамхана толықтай халал, тек алкогольсіз сусындар ұсынады, бұл Гонконг үшін сирек құбылыс. Әли Нұралы гонконгтық БАҚ-қа айтқандай, бұл идея қалада тұратын Орталық Азиядан келгендер үйдің дәмін сағынатыны, ал жергілікті тұрғындар бұл асханамен мүлдем таныс еместігі туралы әңгімелерден туған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз