Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

Джессика Альба бұрынғы жұбайына 577 мың доллар төлейтін болды

Кэш Уоррен бұл ақшаны актрисаның компаниясындағы пайдаға қатысу жоспары бойынша жинақталған зейнетақы қаражатынан алады.

Актриса и основательница The Honest Company Джессика Альба
Фото: TechCrunch / Wikimedia Commons

Актриса Джессика Альба ажырасқаннан кейінгі мүлік бөлісі аясында бұрынғы жұбайы, продюсер Кэш Уорренге 577 481 доллар — шамамен 263 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы сот құжаттарын алған TMZ хабарлады.

Уоррен бұл соманы HonorBar Inc. компаниясының пайдаға қатысу жоспары бойынша Альбаның зейнетақы жинағынан алады. Төлемнен кейін шотта қалған қаражат актрисаның өзіне тиесілі болады. Ақшаны алған соң Уоррен оны бірден толық шешіп ала алады немесе 20% салық ұсталмас үшін зейнетақы шотына аудара алады. Сонымен қатар бір жыл ішінде бұрынғы жұбайы жазбаша сұраса, Альба оған 10 күн ішінде шот бойынша үзінді көшірмелерді беруге тиіс.

Бұл алғашқы ірі төлем емес. Альба мен Уоррен 2026 жылғы ақпанда ресми түрде ажырасқан, TMZ мәліметінше, сол кезде актриса активтерді тең бөлу үшін оған 3 млн доллар (шамамен 1,37 млрд теңге) төлеуге міндеттелген. Бұрынғы ерлі-зайыптылар компаниялардағы үлестерін, The Honest Company акцияларын және неке кезінде түсірілген жобалардан түсетін аударымдарды да тең бөлісті.

Джессика Альба «Қараңғы періште» сериалы, «Күнә қаласы» және «Ғажайып төрттік» фильмдеріндегі рөлдерімен танылған, кейін экологиялық тауарлар шығаратын The Honest Company компаниясын құрды. Кэш Уорренмен ол «Ғажайып төрттіктің» түсірілімінде танысып, 16 жыл бірге тұрды. Олардың үш баласы бар. Қазір актриса актер Дэнни Рамиреспен кездесіп жүр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз