Мазмұнға өту
2026 жылғы 24 қараша, сейсенбі

Мекке: олимпиада чемпионы Серік Сапиев ұмра сапарына барды

Кейбір қазақстандық БАҚ бұл сапарды қажылық деп жазды, алайда спортшының өзі бейнежазбаны «Умра» хештегімен белгіледі.

Вид на Каабу в Мекке, где гражданская оборона Саудовской Аравии объявила предупреждение об угрозе

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сапиев Меккеде ұмра, яғни кіші қажылық жасап жүр. Мұсылмандардың қасиетті қаласынан түсірген бейнежазбасын ол Instagram-да жариялап, жазылушыларына үндеу айтты.

«Баршаңызға сәләмалейкүм, мұсылман бауырлар. Барлығыңызға осында болуды тілеймін», – деді Сапиев бейнежазбада. 24 қарашаның кешіне қарай видео 6 мыңға жуық лайк пен 500-ден астам пікір жинады.

Серік Сапиевтің Instagram-дағы бейнежазбасы.

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Бірнеше қазақстандық басылым, соның ішінде Liter.kz, спортшы қажылыққа аттанды деп жазды. Алайда Сапиевтің өзі бейнежазбаны «Умра» және «Мекка» хештегтерімен белгіледі.

Бұл екі сапардың айырмашылығы атауында ғана емес. Қажылық жылына бір рет, зұлхижжа айының белгіленген күндерінде өтеді, оның рәсімдері де көбірек. Ұмраны жылдың кез келген мезгілінде жасауға болады, ол қысқа әрі рәсімдері де аз. Сондықтан күз бен қыста қазақстандықтар Меккеге ұмра жасау үшін барады.

Серік Сапиев – Қазақстанның ең титулды боксшыларының бірі. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында ол 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Ойындардың ең техникалы боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогын иеленді. Сонымен қатар ол – екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007) және 2010 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Қазір Сапиев – туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі әрі Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз