Мазмұнға өту

Старченко Азия чемпионатында құраманың бапкері ретінде дебют жасайды

Турнир 5–8 қарашада Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтеді, ал Қазақстан алдыңғы екі чемпионатта да жеңіске жеткен.

Роман Старченко, бывший капитан сборной Казахстана по хоккею

Қазақстан хоккей құрамасының бұрынғы капитаны Роман Старченко ұлттық команданың Азия чемпионатындағы бапкерлер штабына енді. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы хабарлады. Турнир 5–8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтеді. 40 жастағы Старченко құрамада бапкер ретінде алғаш рет жұмыс істейді.

Құраманың бас бапкері екінші жыл қатарынан Талғат Жайлауов болып қала береді. Штабқа сондай-ақ бапкер Константин Пушкарев, қақпашылар бапкері Александр Смелянец, видеобапкер Владислав Белан және дене дайындығы жөніндегі бапкер Игорь Елисеев кірді. Команданың бас менеджері — Олег Болякин.

Азия чемпионатында төрт құрама ойнайды: Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай. Қазақстан алдыңғы екі турнирде де чемпион атанды: 2024 жылы Алматыда, 2025 жылы Пекинде. Былтырғы шешуші ойында біздің құрама Жапонияны 4:3 есебімен ұтқан.

Старченко 2026 жылғы шілдеде ойыншылық мансабын аяқтап, Пушкарев басқаратын «Номадтың» бапкерлер штабына қосылды. Шабуылшы «Барыста» 17 маусым өнер көрсетіп, КХЛ-да 819 матч өткізді. Бұл — лигада бір клуб сапында өткізілген ойын саны бойынша рекорд. КХЛ-дағы жалпы есебінде 871 матч, 215 гол және 209 нәтижелі пас бар. Құрама сапында ол 18 әлем чемпионатына қатысты, оның 10-ы элиталық дивизионда өтті. Сондай-ақ Азия ойындарын екі рет жеңіп алған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз