Ұлытау облысының әкімдігі мен Отбасы банк өңірде қолжетімді ипотеканы дамыту туралы 2027–2029 жылдарға арналған меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес жыл сайын 3 млрд теңге бөлінеді: оның 2,5 млрд теңгесін Отбасы банк, 500 млн теңгесін облыс әкімдігі қаржыландырады. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімдігі хабарлады.
Келісім шарттары бойынша облыс тұрғындары баспананы жеңілдетілген шартпен сатып ала алады: бастапқы жарна 10 пайыздан басталады, несие мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды.
Меморандум өңірде қазір жұмыс істеп тұрған екі бірлескен тұрғын үй бағдарламасын — «Ұлытау жастары» мен «Сәтбаев жұмыскерді» жалғастырады. Әкімдік жаңа қаржы жас мамандар мен отбасыларға көрсетілетін қолдауды кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Отбасы банк өңірлік жобалардан бөлек жалпыұлттық жеңілдетілген бағдарламаларды да жүзеге асырады, мысалы, «Наурыз» ипотекасы. Республика күні қарсаңында Жезқазғанда баспана кезегінде тұрған отбасылар жаңа пәтерлердің кілтін алды.
Ұлытау облысы 2022 жылы құрылған, әкімшілік орталығы — Жезқазған қаласы.



