Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

Снейдер Рамостың ӘЧ-2010 финалындағы футболкасын 65 мың еуроға сатты

Голландиялық оны Йоханнесбургтегі финалдан кейін 16 жыл сақтаған, ал жәдігерді бразилиялық коллекционер сатып алды.

Серхио Рамос и Уэсли Снейдер обнимаются после финала чемпионата мира 2010 года
Фото: Marca

Нидерланды құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер Серхио Рамос 2010 жылғы әлем чемпионатының финалында киген футболканы аукционда сатты. Лот 65 126 еуроға (шамамен 32,7 млн теңге) кетті, деп хабарлайды Marca. Сауда-саттық арнайы MatchWornShirt платформасында өтті, футболканы бразилиялық коллекционер сатып алды.

Снейдер футболканы 16 жыл сақтаған. Ойыншылар Йоханнесбургтегі финалдан кейін бірден формаларымен алмасқан еді. Сол ойында Испания Андрес Иньестаның қосымша уақытта соққан голының арқасында жеңіске жетіп, тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Ол кезде оң жақ қорғаушы болып ойнаған Рамос осы футболкамен алаңда барлық 120 минутты өткізді: онда 15-нөмір, ұзын жең және сол матчқа арналған ФИФА-ның ресми белгілері бар.

Снейдердің сол финалдағы өз футболкасы сатылымға шыққанда 5000 еуродан сәл қымбатқа (шамамен 2,5 млн теңге) кеткен. Голландиялық мансабындағы жәдігерлерімен алғаш рет қоштасып отырған жоқ: соңғы жылдары ол басқа да естелік бұйымдарын, соның ішінде 2010 және 2014 жылғы әлем чемпионаттарындағы марапаттары мен кәдесыйларын сатқан.

ОАР-дағы финал 2010 жылғы 11 шілдеде өтіп, Испанияның 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Снейдер сол турнирде бес гол соғып, чемпионаттың үздік бомбардирлерінің бірі болды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз