Мазмұнға өту
2026 жылғы 29 қараша, жексенбі

Үкім: Астанада 7 млн теңге алмақ болған адвокат 2 жылға сотталды

Адвокат ақшаны бұлтартпау шарасын жеңілдету үшін талап еткен, бірақ қорғауындағы әйел оның орнына құқық қорғау органдарына барған.

Адвокат в зале суда, иллюстративное фото

Астанада сот адвокатты алаяқтыққа оқталғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол мемлекеттік органдардағы таныстары арқылы «мәселені шешіп беремін» деп, қорғауындағы әйелден 7 млн теңге талап еткен, деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы 28 қарашада.

Сот оған бас бостандығынан айырумен қатар алты жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура дерегінше, қорғаушы ақшаны әйел ұсталғаннан кейін сұраған. Ол әйелді қамауда ұстау шарасын үй қамағына ауыстырып беруді ұсынған.

«Ол ұсталғаннан кейін қорғаушы бұлтартпау шарасын жеңілдету және қамауда ұстауды үй қамағына ауыстыру «мәселесін шешуді» ұсынып, 7 млн теңге талап етті», – деді Астана прокуратурасында.

Әйел заңсыз келісімге бармай, құқық қорғау органдарына жүгінген. Адвокат ақшаны алған бойда қолма-қол ұсталды. Сотталған адамның аты-жөнін ведомство атамайды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз