Мазмұнға өту

Михайлис «Металлургке» овертаймда жеңіс әкелді

Нижнекамскідегі жеңістің арқасында «Металлург» 34 ұпай жинап, КХЛ-дің Шығыс конференциясында көш бастады.

Нападающий «Металлурга» и сборной Казахстана Никита Михайлис

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис КХЛ тұрақты чемпионатында «Нефтехимик» пен «Металлург» арасындағы матчта овертаймда шешуші шайбаны соқты. 27 қазанда Магнитогор клубы Нижнекамскіде қарсыласын 3:2 есебімен ұтып, Шығыс конференциясында бірінші орынға көтерілді.

«Нефтехим Аренадағы» кездесу Шығыстың екі көшбасшысының бетпе-бет айқасы болды. Екі кезеңнен кейін «Металлург» 2:0 есебімен алда еді. Бірінші кезеңде Михайлистің пасынан кейін Владимир Ткачев гол соқты, екінші кезеңде Даниил Вовченко көпшілікте ойнаған сәтті пайдаланды. Үшінші кезеңде Владислав Еременко мен Семён Ручкин шайба соғып, үй иелері есепті теңестірді. Қосымша уақытта ойынның тағдырын Михайлис шешті.

«Металлург» қатарынан екінші рет жеңді, команданың қоржынында 34 ұпай бар. 25 ұпай жинаған «Нефтехимик» екінші орында тұр. Магнитогор командасы келесі матчын 29 қазанда Новосібірде «Сибирьмен» өткізеді.

Михайлис — астаналық «Барыстың» бұрынғы капитаны, ол бұл клубтың негізгі құрамында 2014 жылдан бастап ойнаған. «Металлургке» шабуылшы 2023 жылы ауысты. Қазір Магнитогорда тағы бір қазақстандық хоккейші — Валерий Орехов ойнап жүр. Осы маусымда Михайлис бұрынғы клубына қарсы матчта да шайба соқты, сол ойында «Барыс» «Металлургтен» 0:3 есебімен жеңілді.

Команда бұл нәтижелерді бапкер ауысқан тұста көрсетіп отыр. Қазан айының басында «Металлург» Андрей Разинді жұмыстан шеттетті, кейін онымен келісімшартты бұзды. 21 қазанда клуб Юрий Трубачевты бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз