Астанада Есіл өзенінен ер адамның денесі шығарылды. Қаза болған – елордада тұратын 54 жастағы тұрғын, полиция оның жеке басын анықтап үлгерді. Бұл деректі 30 қазанда Астана қаласы полиция департаменті растады.
Мәйіттің табылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның мәліметінше, зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Ер адамның суға қашан және қандай жағдайда түскені әзірге белгісіз. Өлімнің себебі мен барлық мән-жайын тергеу анықтайды.
Мәйітті өзеннен шығарып жатқан сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін ведомство ресми түсініктеме берді.



