Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе қаласындағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын және абаттандыруға арналған арнайы техниканың сатып алынуын тексеріп, бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаржы қайтарды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады өңір прокуратурасы.
Тексеру барысында тапсырыс берушілер қалалық инфрақұрылым нысандарындағы жұмысты орындамаған мердігерлерден шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы мен төленген аванстарды өндіріп алмағаны анықталды. Абаттандыруға арналған арнайы техниканы жеткізу жөнінде лизинг компаниясымен жасалған шарттан да заң бұзушылық табылды: бюджет бұл шарт бойынша 556 млн теңгеден астам артық төлеген. Ол қаражат толық қайтарылды.
2026 жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджетке 10,1 млрд теңге түсуін қамтамасыз етті. 2025 жылы ведомство жосықсыз мердігерлерден өндіріп алу және салық берешегін өтеу есебінен 1 млрд теңгеден астам қаржы қайтарған. Оның ішінде Байғанин ауданында оқу-жаттығу базасын салуға бөлінген 288 млн теңге бар, бұл құрылыстың шарты бұзылды.
Бұған дейін прокуратура Ақтөбеде міндетті конкурссыз берілген 1,7 млрд теңгелік жерді де мемлекетке қайтарған.



