Мазмұнға өту

Қазақстанда азық-түлік бағасы екінші ай қатарынан төмендеді

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 1,8%-ға қымбаттады, ал былтыр осы кезеңде баға 8,3%-ға өскен еді.

Совещание в Правительстве по ценам на продукты под председательством Серика Жумангарина

Қазақстанда азық-түлік инфляциясы екінші ай қатарынан баяулап, азық-түлік бағасында 0,1% дефляция байқалып отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңестің қорытындысы бойынша хабарлады.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 1,8%-ға өсті. Былтыр дәл осы кезеңде олар 8,3%-ға қымбаттаған, яғни баға өсімі 4,6 есе баяулады.

Соңғы аптада бәрінен көп қант арзандады – 2,4%-ға. Пияз 1,7%-ға, алма мен сәбіз 0,9%-ға, күріш 0,5%-ға, қой еті 0,4%-ға төмендеді. Нан, макарон, сары май, тұз бен шайдың бағасы өзгерген жоқ.

Күн суыта бастағалы көкөніс қымбаттап жатыр: қияр 4,6%-ға, қырыққабат пен қызанақ 3,7%-ға, картоп 2,4%-ға қымбаттады. Қыс пен көктемде жылыжай көкөнісінің бағасын тұрақты ұстау үшін билік оны өндірушілермен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

Серік Жұманғарин азық-түлік инфляциясы өскен өңірлердің әкімдіктерін тыңдап, оларға өндірушілер өнімін тікелей әкелетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін көбейтуді және сұранысқа ие азық-түлікті қолжетімді бағамен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.

27 қазанға дейін еліміздің барлық өңірінде Bereke Fest және Republic Day акциялары жалғасады. Оларға 649 сауда нысаны қатысып, азық-түлік пен күнделікті сұранысқа ие тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік жасап отыр.

Азық-түлік бағасының баяулауы жалпы инфляцияның төмендеуімен тұспа-тұс келді: қыркүйекте жылдық инфляция 9,3%-ға дейін түсті, осыдан кейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті. Тамызда азық-түлік жыл басынан бері алғаш рет арзандап, жылдық азық-түлік инфляциясы 2025 жылғы желтоқсандағы 13,5%-дан 9,5%-ға дейін түсті.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз