Сейсенбі, 27 қазанда Атыраудың бір бөлігі уақытша электр қуатынсыз қалады. Жарық 23 көше мен өткелде, сондай-ақ Пивзавод шағынауданында сөндіріледі. «Атырау Жарық» компаниясы мұны желідегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарымен түсіндірді.
Сағат 09:30-дан 17:30-ға дейін Алтынсарин, Бигелдинов, Құрманғазы, Попов, Қ. Мырзағали және Өтегенов көшелерінде, сондай-ақ Затаевич, Қазанғап, Айбергенов және Ағатай батыр өткелдерінде жарық болмайды.
Пивзавод шағынауданы, Бақтыгереев, Чайковский, Игілік және Есбай күйші көшелері, Каспий, Н. Әбуталиев, Үлкен-Құл, Сороченко, Қараманов, Алғабас, Қамысты, Қошым және Бақсай өткелдері ұзағырақ — сағат 09:30-дан 20:00-ге дейін электр қуатынсыз отырады.
Дәл осы күндері Астанада да жоспарлы түрде жарық сөндіріледі: елордада энергетиктер үш аудандағы желілерді жөндейді.



