Мазмұнға өту

АҚШ компаниясы Канада тауарларына салынған 50% бажды сотта даулады

Gellert Global Group канадалық ірімшікке салынған тарифтен жылына шамамен 40 млн доллар шығын шегетінін айтып, төленген бажды пайызымен қайтаруды талап етіп отыр.

США-могут-ввести-100%-пошлины-на-канадский-импорт-из-за-сделки-с-Китаем
США могут ввести 100% пошлины на канадский импорт из-за сделки с Китаем

Американдық азық-түлік импорттаушысы Gellert Global Group Дональд Трамп әкімшілігіне қарсы АҚШ-тың Халықаралық сауда сотына талап арыз берді. Компания канадалық тауарлардың бір бөлігіне салынған 50 пайыздық бажды заңсыз деп тануды, оны өндіріп алуды тоқтатуды және төленген соманы пайызымен қайтаруды сұрап отыр. Талап арыз 20 қазанда компанияның өзі және зардап шеккен басқа импорттаушылардың болжамды тобы атынан берілді.

Баж 1930 жылғы Тарифтер туралы заңның 338-бабы негізінде енгізілген. Бұл норма шамамен бір ғасыр бойы қолданылмаған. Әкімшілік оны 2026 жылдың жазында Канадаға қарсы іске қосты, ал 8 қыркүйекте тауарлар тізімін кеңейтіп, оған Gellert сатып алатын ірімшіктерді енгізді. Жаңа позициялар бойынша баж 15 қыркүйектен бастап алына бастады. Талап арызда заң бойынша тізімге қосылған тауарларға баж салу үшін 30 күн күту керек екені айтылған.

Нью-Джерси штатының Элизабет қаласындағы компания өз шығынын жылына шамамен 40 млн доллар деп бағалайды. Оның мәліметінше, бұған дейін канадалық ірімшік АҚШ, Мексика және Канада арасындағы USMCA келісімі бойынша бажсыз әкелінген. 28 қыркүйекте Gellert құны шамамен 120 мың доллар болатын ешкі ірімшігі партиясы үшін 60 мың доллардан астам баж төлеген.

Талапкер тариф енгізу құқығы Конгреске тиесілі екенін, ал 338-бап тек шетелде американдық тауарларға қатысты кемсітушілікке жауап беруге мүмкіндік беретінін алға тартады. Сондай-ақ компанияның пікірінше, баж Вашингтонның Оттаваға қоятын талаптарына қатысы жоқ өнімдерге де салынған. Талап арызбен бірге бажды өндіріп алуға уақытша тыйым салу туралы өтінішхат та берілді.

Компанияның мүддесін Liberty Justice Center коммерциялық емес ұйымы қорғап отыр. Бұл ұйым бұған дейін АҚШ Жоғарғы сотында төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заң бойынша енгізілген баждың күшін жойғызған, сондай-ақ Халықаралық сауда сотында 122-бап бойынша тарифтерге қатысты дауды жеңіп алған. Қазір бұл шешімге шағым берілген.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз