26 қазан күні таңертең Алматының Бостандық ауданында Dongfeng жүк көлігі Changan жеңіл көлігімен соқтығысқаннан кейін қоғамдық көлік аялдамасына соғылып, ағашқа барып тірелді. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті.
Жол-көлік оқиғасы сағат 10:00 шамасында Жароков пен Левитан көшелерінің қиылысында болды. Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, екі көлік те Жароков көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан. Жеңіл көлік жүк көлігін соғып кетті, ал Dongfeng инерциямен аялдама құрылғысын қиратып, ағашқа соқтығысты.
Алдын ала деректер бойынша, оқиғаға Changan жүргізушісінің қауіпсіз қашықтықты сақтамауы себеп болған. Dongfeng жүргізушісін жедел жәрдем дәрігерлері тексеріп, қосымша тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қыркүйекте Алматыда автобус жүк көлігіне соғылып, төрт адам зардап шеккен еді.



