Мазмұнға өту

Қосшыда 62 мың тұрғынға арналған өрт сөндіру бөлімі ашылды

Кешенді 2023 жылы тапсыру жоспарланған еді, бірақ құрылыс тоқтап, нысан ұзаққа созылған құрылыстар қатарына енді.

Пожарные,-медики-и-полицейские:-первый-комплекс-экстренных-служб-открыли-в-РК
Пожарные, медики и полицейские: первый комплекс экстренных служб открыли в РК

Ақмола облысының Қосшы қаласында 24 қазанда өрт сөндіру-құтқару кешені ашылды. Ол қала мен көршілес Тайтөбе ауылының 62 мыңға жуық тұрғынын қорғайды. Ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Жаңа бөлімшеде 78 қызметкер жұмыс істейді, оның қарамағында төрт бірлік техника бар. Кешенде Қосшы қаласының төтенше жағдайлар бөлімі де орналасады.

Аумағы 2,2 мың шаршы метрден асатын кешен бір гектар жерге салынған. Мұнда төрт көлікке арналған өрт сөндіру депосы, оқу-жаттығу мұнарасы, спорт залы, жүгіру жолы мен футбол алаңы, сондай-ақ психологиялық жүктемені түсіру бөлмесі бар. Қызметкерлерге алты пәтерлі қызметтік тұрғын үй салынып, министр жаңа қоныс иелеріне кілт табыстады.

Нысанды 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған еді, алайда жұмыс тоқтап қалып, құрылыс ұзаққа созылған нысандар қатарына енген. Қыркүйектің басында Мұрат Мұханов құрылыс барысын тексерген болатын. ТЖМ-нің мәліметінше, елде азаматтық қорғау саласындағы аяқталмаған нысандар мәселесі іс жүзінде шешілген.

Қосшы – Астананың серік қаласы, мұнда халық саны жылдам өсіп келеді. Ресми деректер бойынша, бес жылда тұрғындар саны 50 мыңнан 67 мыңға жетті, ал іс жүзінде қалада 120 мыңға жуық адам тұрады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз