Мазмұнға өту

«Ордабасы» «Женіспен» тең түсіп, чемпиондықты кейінге қалдырды

Егер «Қайрат» 25 қазанда «Ақтөбе» алаңында жеңіске жетпесе, шымкенттік клуб алаңға шықпай-ақ чемпион атанады.

Футболисты «Ордабасы» и «Жениса» в матче 29-го тура Премьер-лиги в Шымкенте

«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында чемпиондықты мерзімінен бұрын қамтамасыз ете алмады. Шымкенттік клуб 24 қазанда өткен соңғының алдындағы 29-турда өз алаңында астаналық «Женіспен» 1:1 есебімен тең түсті. Енді көшбасшыда 68 ұпай бар. Екінші орындағы өткен маусымның чемпионы «Қайраттың» 63 ұпайы бар, оның алдында әлі екі ойын тұр.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда бірінші тайм голсыз аяқталды. Екінші тайм басталысымен үй иелерінің камерундық қорғаушысы Килама допты өз қақпасына енгізіп алды. 66-минутта «Ордабасы» азшылықта қалды: Жасұлан Әмір екінші сары қағаз алды. Соған қарамастан, төрт минуттан кейін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов есепті теңестірді. Ойын аяқталғаннан кейін алаңда төбелес шығып, «Ордабасы» ойыншысы Сергей Малый қызыл қағаз алды.

Енді чемпион атағының тағдыры «Қайратқа» байланысты. Алматылықтар 25 қазанда «Ақтөбемен» қонақта ойнайды. Егер олар жеңбесе, «Ордабасы» мерзімінен бұрын чемпион атанады. «Қайрат» жеңсе, бәрі соңғы, 30-турда шешіледі: онда «Ордабасы» Павлодарға барып, «Ертіспен» ойнайды, ал «Қайрат» өз алаңында өскемендік «Алтайды» қабылдайды.

33 ұпай жинаған «Женіс» тоғызыншы орында тұр.

Тур алдында «Ордабасы» «Қайраттан» төрт ұпай озып тұрған еді, сондықтан «Женісті» жеңсе, маусым аяқталуына бір тур қалғанда чемпион атағын қамтамасыз ететін. 28-турда команда қонақта «Қайсарды» 4:1 есебімен ойсырата жеңді, ал «Қайрат» «Жетісуды» 1:0 есебімен ұтты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз