Мазмұнға өту

Атырауда әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы өлі табылды

Асаинов облыстық департаментті 2023 жылдың қаңтарынан бері басқарып келген, оған дейін прокуратурада және орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген.

Руководитель департамента Комитета соцзащиты по Атырауской области Бауыржан Асаинов

Атырауда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Асаинов өз пәтерінен өлі табылды. Атырау облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алдын ала деректерге қарағанда, мәйіт 18 қазанда табылған. Өлімнің мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Полиция өзге мәліметті тергеу мүддесі үшін жария етпейді.

Басшының қайтыс болғанын департаменттің өзі де растады: әріптестері ведомствоның ресми парақшасында қазанама жариялап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Бауыржан Асаинов облыстық департаментті 2023 жылғы 4 қаңтардан бері басқарған. Бұған дейін ол прокуратура органдарында, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде қызмет атқарған, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасын басқарған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз