Мазмұнға өту

Астанада Шерхан Мұртаза көшесі тоғыз күнге жабылады

Шектеу 3 қарашаны қоса алғанда сақталады, сондықтан жүргізушілерге айналма жолды алдын ала ойластырып алу ұсынылады.

Ремонт дорожного покрытия на улице Шерхана Муртазы в Астане

Астанада 26 қазаннан 3 қарашаға дейін Шерхан Мұртаза көшесінің Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толық жабылады. Себебі – жол жамылғысын жөндеу, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Жұмыс жүретін учаскеде уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағытты алдын ала жоспарлауды ұсынады. Нақты айналма жол сызбасы қала билігінің хабарламасында көрсетілмеген.

2026 жылы Астанада жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болатын 50-ге жуық көшені жөндеу жоспарланған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз