22 қазанда Астананың Алматы ауданында, Сәтбаев көшесіндегі екі қабатты фитнес-орталықта өрт шықты. Құтқарушылар ғимараттан 20 адамды шығарды, зардап шеккен жоқ.
ТЖМ мәліметінше, өрт жертөледе басталған: онда күш кабелі тұтанып кеткен. Шақыру бойынша келген өрт сөндірушілер жертөледе қою түтін тұрғанын анықтады. Сондықтан ғимараттағы адамдарды газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны эвакуациялады.
Өрт тез сөндірілді, жалын басқа үй-жайларға тараған жоқ. Кабельдің неден тұтанғанын ведомство хабарламады.
Соңғы күндері құтқарушылар өңірлерде де түтін салдарынан адамдарды эвакуациялады. Щучинск қаласында лифт шахтасындағы қоқыс жанып, тоғыз қабатты үйден 75 тұрғын шығарылды. Ал Сәтбаев қаласында бес қабатты үйден 14 адам эвакуацияланды.



